Киелі жазбалар
Мосия 1


Мосия кітабы

1‑ші тарау

Бунямин патша өз ұлдарына аталарының тілін және олардың пайғамбарлықтарын үйретеді. Олардың діні мен өркениеті әртүрлі парақтарда жазылған жазбалардың арқасында сақталған. Мосия патша болып сайланды және оған жазбалар мен басқа да нәрселерді сақтау жүктелді. Шамамен 130–124 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді бүкіл Зараһемла жерінде, Бунямин патшаға тиесілі барлық халық арасында бұдан былай дау‑дамай болмады, осылайша Бунямин патшаның барлық қалған күндері тыныштықта өтті.

2 Міне дәл солай болды, оның үш ұлы болды; ол олардың есімдерін Мосия және Хелорум мен Хеламан деп атады. Міне ол олардың ата‑бабаларының барлық тілінде оқытылуын қамтамасыз етті, осылайша олар парасатты адам болуы үшін және олар ата‑бабаларының аузынан айтылған және Жаратқан Иенің қолымен жеткізілген пайғамбарлықтарды танып білуі үшін.

3 Міне ол оларға мыс парақтарда жазылған жазбалар туралы да үйретіп, былай деді: Менің ұлдарым, осы жазбалар мен сол өсиеттер жазылған парақтар болмаса, Құдайдың құпияларын білмей, біз осы уақыттың өзінде надандықпен азап шегетін едік, мен осыны сендер есте сақтағандарыңды қалаймын.

4 Өйткені біздің әкеміз Лехидің осы барлық нәрселерді есіне түсіріп, балаларына үйретуі мүмкін емес еді, егер осы парақтардың көмегі болмаса; ол мысырлықтардың тілінде үйренгендіктен, ол осы ойылып жазылғанды оқи алды және оларды өз балаларына үйрете алды, сонда олар да оларды өз балаларына үйрету мүмкіндігі болу үшін, міне осылайша Құдайдың өсиеттерін осы уақытқа дейін орындап келеді.

5 Мен сендерге айтамын, ұлдарым, егер біз оның құпияларын оқып және түсінуіміз үшін және оның өсиеттері әрқашан көз алдымызда болуы үшін Құдайдың қолымен сақталған және қорғалған осы нәрселер болмағанда, онда тіпті біздің ата‑бабаларымыз да сенімсіздікке ұшырайтын еді, ал біз біздің бауырларымыз ламандықтарға ұқсап кетер едік, міне олар бұл нәрселер туралы ештеңе білмейді немесе тіпті олар соларды үйреткен кезде оларға сенбейді, себебі ата‑бабаларының дәстүріне байланысты, бұл дұрыс емес.

6 Уа, ұлдарым, осы нақыл сөздер рас екенін есте сақтағандарыңды қалаймын, сондай‑ақ бұл жазбалар да рас. Ал міне, Нефидің де парақтары, оларда ата‑бабаларымыздың Иерусалимнен шыққан кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жазбалары мен нақыл сөздері жазылған және бұл рас; міне біз олардың растығын біле аламыз, өйткені олар біздің көз алдымызда.

7 Міне енді, ұлдарым, естеріңде болғанын қалаймын, оларды мұқият зерттеу керек, сонда сендер оның пайдасын көресіңдер; сондай‑ақ Құдайдың өсиеттерін ұстанғандарыңды қалаймын, сонда сендер Жаратқан Иенің ата‑бабаларымызға берген уәделері бойынша сол жерде өркендейсіңдер.

8 Міне Бунямин патша өз ұлдарына осы кітапта жазылмаған басқа да көп нәрселерді үйретті.

9 Міне дәл солай болды, Бунямин патша ұлдарына тәлім беруді аяқтағаннан кейін, ол қартайды және ол жақын арада барлық жердегілердің жолымен кетуге тура келетінін көрді; сондықтан патшалықты ұлдарының біріне беруді орынды деп санады.

10 Сондықтан ол Мосияны өзіне әкелуді бұйырды; міне ол мына сөздерді оған айтып, былай деді: Ұлым, бүкіл осы жердің бәрінде осы халықтың арасында немесе осы жерде тұратын Зараһемла халқы мен Мосия халқына жариялауыңды қалаймын, осылайша олар жиналсын; өйткені ертеңгі күні мен өз халқыма өз аузымнан сен Құдайымыз Жаратқан Ие бізге тапсырған осы халықтың патшасы әрі билеушісі екеніңді жариялаймын.

11 Міне оның үстіне, мен бұл халыққа атау беріп атаймын, осылайша олар Құдай Жаратқан Ие Иерусалим жерінен алып шыққан барлық халықтардың арасында ерекшеленді; міне мен мұны олар Жаратқан Иенің өсиеттерін ұстануға ынталы болғаны үшін істеп отырмын.

12 Міне мен оларға ешқашан өшпейтін атау беріп атаймын, бұл тек күнә жасау арқылы өшуі мүмкін.

13 Иә, міне оның үстіне мен сендерге айтамын: егер Жаратқан Иенің ықыласына бөленген осы халық күнә жасап және зұлым әрі азғын халыққа айналса, онда Жаратқан Ие оларға опасыздық жасайды және осылайша олар өз бауырлары сияқты әлсіз болады; міне ол біздің ата‑бабаларымызды осы уақытқа дейін қорғағандай, бұдан былай оларды өзінің теңдесі жоқ және ғажайып құдіретімен қорғамайды.

14 Өйткені мен сендерге айтамын, егер ол біздің ата‑бабаларымызды қорғап қалу үшін қолын созбаған болса, олар ламандықтардың қолына түсетін еді және олардың өшпенділігінің құрбанына айналатын еді.

15 Міне дәл солай болды, Бунямин патша өз ұлына осы сөздерді айтып болған соң, ол оған патшалықтың барлық істерін тапсырды.

16 Міне оның үстіне, ол оған мыс парақтарға ойып жазылған жазбаларды да сеніп тапсырды; сондай‑ақ Нефидің парақтарын да; әрі Лабанның семсері мен ата‑бабаларымызды шөл далада алып өткен шар немесе меңзерді, бұл олардың жетелеуі үшін Жаратқан Иенің қолымен дайындалған, әрқайсысы олар оған көрсеткен мұқияттылығы мен ынта‑жігеріне сәйкес.

17 Сондықтан олар опасыздық жасағандықтан, сапарларында табысқа жетпеді және алға жылжымады, бірақ кері айдалды және Құдайдың наразылығына ұшырады; міне сондықтан олардың бойына олардың міндетін еске салып қозғау үшін, олар аштық пен ауыр азапқа ұшырады.

18 Міне енді, дәл солай болды, Мосия барды да әкесі бұйырғандай істеді және Зараһемла жерінде болған барлық халыққа бірге жиналу керектігін және оның әкесі айтатын сөздерді тыңдау үшін ғибадатханаға бару керектігін жариялады.