Киелі жазбалар
Мосия 27


27‑ші тарау

Мосия қудалауға тыйым салады және теңдікке бұйрық береді. Жас Алма мен Мосияның төрт ұлы шіркеуді жоюға тырысады. Періште пайда болады және оларға өздерінің зұлымдық әрекеттерін тоқтатуды бұйырады. Алманың кенеттен тілі байланып қалады. Құтқарылу үшін бүкіл адамзат қайта туылуы керек. Алма мен Мосияның ұлдары қуанышты хабарды жария етеді. Шамамен 100–92 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді дәл солай болды, имансыздардың шіркеуге жасаған қуғын‑сүргіндері күшейгені соншалық, шіркеудегілер күңкілдеп және осы мәселе бойынша басшыларына шағымдана бастады; міне олар Алмаға шағымданды. Міне Алма бұл істі олардың патшасы Мосияның алдына қойды. Міне Мосия өзінің діни қызметкерлерімен кеңесті.

2 Міне дәл солай болды, Мосия патша бүкіл жерге имансыздардың ешқайсысы Құдайдың шіркеуіне жататындардың ешқайсысын қуғын‑сүргіннің астына алмасын деген жарлық жіберді.

3 Міне барлық шіркеулерде олардың арасында қуғын‑сүргін болмасын, барлық адамдар арасында теңдік болсын деген қатаң бұйрық болды.

4 Олардың тыныштығын ешбір мақтаныш пен тәкаппарлық бұзбасын; әр адам жақынын өзін сияқты сыйласын, өз қолымен еңбек етіп өзіне қолдау көрсетсін.

5 Иә, міне олардың барлық діни қызметкерлері мен мұғалімдері, ауру немесе мұқтаждықты қоспағанда, басқа барлық жағдайда өз қолымен еңбек етіп өзіне қолдау көрсетсін; міне осы істерді орындай отырып, олар Құдайдың рақымына бөленді.

6 Міне сол жерде қайтадан тыныштық орнай бастады; ал халық өте көбейіп, әрі жер бетіне тарай бастады, иә, солтүстік пен оңтүстікке, шығыс пен батысқа, жердің әр түкпірінде үлкен қалалар мен ауылдарды тұрғызып.

7 Міне Жаратқан Ие оларға барды және оларды өркендетіп дамытты, міне олар көбейді және ауқатты халыққа айналды.

8 Енді Мосияның ұлдары имансыздардың қатарында саналды; сондай‑ақ олардың арасында Алманың ұлдарының бірі де саналды, ол әкесінің атымен Алма деп аталды; соған қарамастан ол өте зұлым әрі пұтқа табынушы адамға айналды. Ал ол сөзге шешен адам еді және өзінің сөздерімен халықты алдады; сондықтан ол халықтың талайын өзінің заңсыздықтарына сай әрекет етуге итермеледі.

9 Міне ол Құдай шіркеуінің өркендеп дамуына үлкен кедергі бола бастады; адамдардың жүрегін ұрлап; халық арасында үлкен алауыздық тудырды; Құдайдың жауына олардың үстінен өз билігін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

10 Міне дәл солай болды, ол Құдайдың шіркеуін жоймақ болған кезде, Құдайдың немесе тіпті патшаның бұйрығына қайшы, өйткені ол шіркеуді жоюды және Жаратқан Иенің халқын адастыруды көздеп, Мосияның ұлдарымен жасырын жүрді.

11 Міне мен сендерге айтқанымдай, олар Құдайға қарсы шығып, барлық жерді аралап жүрген кезде, міне, оларға Жаратқан Иенің періштесі көрінді; міне ол бұлттың ішінде болғандай төмен түсті және ол күннің күркіреген дауысындай сөйлеп, олар тұрған жерді дүр сілкіндірді;

12 Міне олардың қатты таңғалғаны сонша, олар жерге құлап түсті және олар оның айтқан сөздерін түсінбеді.

13 Соған қарамастан ол қайтадан дауыстап, былай деді: Алма көтеріл де бері кел, неліктен сен Құдайдың шіркеуін қудалайсың? Өйткені Жаратқан Ие былай деген: Бұл менің шіркеуім және мен оны орнатамын; міне халқымның әділетсіз істері болмаса, оны ештеңе құлата алмайды.

14 Міне тағы да, періште былай деді: Міне, Жаратқан Ие өз халқының, сондай‑ақ өзінің қызметшісі, сенің әкең Алманың дұғаларын естіді; өйткені ол сенің шындықты танып білуің үшін саған қатысты зор сеніммен дұға етті; сондықтан мен осы мақсатпен келдім, сені Құдайдың құдіреті мен билігіне сендіру үшін, оның құлдарының дұғалары олардың сеніміне сай қабыл болуы үшін.

15 Енді міне, сендер Құдайдың құдіретіне қарсы дауласа аласыңдар ма? Міне енді жерді дүр сілкіндірген менің дауысым емес пе? Ал сендер мені де алдарыңда тұрғанымды көрмейсіңдер ме? Міне мен Құдайдан келдім.

16 Енді менің саған айтарым: Барып, ата‑бабаларыңның Хелам жерінде және Нефи жерінде тұтқында болғанын еске ал; міне ол олар үшін қаншалықты ұлы істер жасағанын есте сақта; өйткені олар құлдықта болды, ал ол оларды азат етті. Ал енді менің саған айтарым: Алма, өз жолыңмен жүр және шіркеуді жоюға тырыспа, сонда олардың дұғалары қабыл болуы мүмкін, тіпті сен өзің бас тарқан болсаң да.

17 Міне дәл солай болды, бұл періштенің Алмаға айтқан соңғы сөздері болды және ол кетіп қалды.

18 Ал енді Алма мен онымен бірге болғандар қайтадан жерге құлады, өйткені олардың таңданысы өте зор болды; өйткені олар Жаратқан Иенің періштесін өз көздерімен көрді; оның даусы жерді дүр сілкіндірген найзағайдай болды; міне олар жерді шайқайтын және оны жарылып кететіндей сілкіндірген Құдайдың құдіретінен басқа ешнәрсе жоқ екенін білді.

19 Ал енді Алманың таңғалғаны сонша, оның тілі байланып, аузын да аша алмай қалды; иә, міне ол әлсіреп, тіпті қолын да қозғалта алмай қалды; сондықтан оны сол қасындағылар алып кетті де, әкесінің алдына әкелгенше, оны дәрменсіз күйінде алып жүрді.

20 Олар оның әкесіне өздерімен болған оқиғаның барлығын айтып берді; міне оның әкесі бұл Құдайдың құдіреті екенін білгендіктен қуанды.

21 Міне ол Жаратқан Ие оның ұлына, сондай‑ақ сол онымен бірге болғандарға не істегені туралы куәлік ету үшін көпшілікті бір жерге жинауды бұйырды.

22 Ол діни қызметкерлердің бірге жиналуын бұйырды; міне олар ораза ұстап және Құдайы Жаратқан Иеден Алманың аузын ашып, оны сөйлейтін етіп, сондай‑ақ оның аяқ‑қолдарына күш‑қуат беруін – Құдайдың игілігі мен ұлылығын көру және білу үшін адамдардың көздері ашылуын сұрап сиына бастады.

23 Міне дәл солай болды, олар екі күн және екі түн ораза ұстап, дұға еткеннен кейін, Алманың аяқ‑қолдары күш кабылдады да ол орнынан тұрып, оларға сөйлей бастады да оларды жұбанышқа шақырды:

24 Өйткені, — деді ол, — мен күнәларыма өкіндім және Жаратқан Иенің құнын өтедім: міне, мен Рухтан туылғанмын.

25 Ал Жаратқан Ие маған былай деді: Бүкіл адамзаттың, иә, ерлер мен әйелдердің, барлық ұлттардың, тектердің, тілдердің және адамдардың қайта туылуы керек екеніне таңқалма; иә, Құдайдан туылған, олар тәндік және құлдыраған күйінен адал күйіне өзгертіп, Құдайдан өтеледі және оның ұлдары мен қыздарына айналады.

26 Міне осылайша олар жаңа жаратылыстарға айналады; және егер олар мұны істемесе, олар ешбір жағдайда Құдай патшалығын мұра ете алмайды.

27 Менің сендерге айтарым, егер олар мұны істемесе, онда олардан бас тартылады; міне мұны мен білемін, өйткені менің өзімнен де бас тартуға жақын қалдым.

28 Соған қарамастан, талай азапты басымнан өткеріп, өле‑өлгенше өкінгеннен кейін, Жаратқан Ие мейірімділікпен мені мәңгілік оттан алып кетуді жөн көрді, міне мен Құдайдан туылдым.

29 Менің жаным ащы өт пен зұлымдық байламдарынан құтылды. Мен ең қараңғы тұңғиықтың ішінде болдым; бірақ қазір мен Құдайдың ғажайып нұрын көріп тұрмын. Менің жаным мәңгілік азапқа ұшырады; бірақ мені жұлып алды, ал менің жаным бұдан былай ауырмайды.

30 Мен Өтемшімнен бас тарттым және ата‑бабаларымыз айтқан сөздерді жоққа шығардым; бірақ енді олар оның келетінін алдын ала білуі үшін және ол өзінің жаратқан әрбір жаратылысын есте сақтайтындықтан, ол өзін бәріне паш етеді.

31 Иә, әрбір тізе иіліп, міне әрбір тіл оны мойындайтын болады. Иә, яғни соңғы күннің өзінде, барлық адамдар оны соттау үшін тұрған кезде, олар оның Құдай екенін мойындайтын болады; сонда бұл әлемде Құдайсыз өмір сүретіндер, оларға мәңгілік жазаның үкімі әділетті екенін мойындайтын болады; міне олар дірілдеп және қорқып шайқалалып, әрі оның бәрін көретін көзінің алдында кішірейетін болады.

32 Міне дәл солай болды, сол уақыттан бастап Алма халыққа тәлім беруді бастады, ал сол кезде періште оларға көрінген кезде Алманың қасында болғандар да, бүкіл сол жерді аралап, барлық адамдарға естігендерін және көргендерін жариялады және Құдайдың сөзін үлкен азаптарда уағыздап, сол имансыздардың қатты қудалауына ұшырап, олардың көпшілігі оларды ұрып‑соқты.

33 Бірақ, осының бәріне қарамастан, олар шыдамдылықпен және қажырлы еңбек етіп Құдайдың өсиеттерін орындауға шақырып, өздерінің сенімдерін бекітіп, шіркеуге көп жұбаныш әкелді.

34 Міне олардың төртеуі Мосияның ұлдары болатын; ал олардың есімдері Аммон және Һарон және Омнер мен Химни болатын; бұлар Мосияның ұлдарының есімдері болатын.

35 Міне олар шіркеуге тигізген барлық зиянын өтеуге құлшыныспен ұмтылып, барлық күнәларын мойындап және көргендерінің бәрін жариялап және оларды тыңдағысы келетіндердің бәріне пайғамбарлықтар мен жазбаларды түсіндіріп бүкіл Зараһемла жерін және Мосия патшаның қол астындағы барлық адамдарды аралады.

36 Міне осылайша, олар Құдайдың қолында талай шындықты танып білуге, иә, олардың Өтемшісін тануға әкелетін құрал болды.

37 Міне олар қандай бақытты! Өйткені олар тыныштықты жария етті; міне олар жақсылық туралы ізгі хабарды жеткізді және халыққа Жаратқан Ие патшалық ететінін жариялады.