Киелі жазбалар
Мосия 9


Зенифтің жазбасыОның халқының баяндамасы, олар Зараһемла жерінен шығып, ламандықтардың қолынан босатылғанға дейінгі аралықта.

9‑дан 22‑ге дейінгі тараулардан тұрады.

9‑шы тарау

Зениф Лехи‑Нефи жерін иемдену үшін Зараһемладан шыққан топты басқарады. Ламан патшасы оларға жерді мұрагерлікке алуға рұқсат берді. Ламандықтар мен Зениф халқы арасындағы соғыс. Шамамен 200–187 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Мен, Зениф, нефиліктердің барлық тілінде тәлім алған болатынмын және Нефи жері немесе ата‑бабаларымыздың алғашқы мұрасы болып табылатын жер туралы білген болатынмын және мен олардың күш‑қуатын барлау үшін ламандықтардың арасына тыңшы ретінде жіберілдім, осылайша біздің әскер оларға қарсы келіп, оларды жою үшін – бірақ мен олардың арасындағы жақсылықтарды көрген кезде, мен олардың жойылмауын тіледім.

2 Сондықтан мен шөл далада бауырларыммен дауластым, өйткені әміршінің олармен келісім жасасуын қаладым; бірақ ол қатал және қанішер адам болғандықтан, мені өлтіруді бұйырды; бірақ мен көп қантөгістің арқасында құтқарылдым; өйткені әке әкесіне қарсы, ал баурыры бауырына қарсы соғысты, әскеріміздің көп бөлігі шөл далада жойылып кеткенше; осы оқиғаны әйелдері мен балаларына айтып беру үшін, біз аман қалғандар Зараһемла жеріне оралдық.

3 Әйтсе де мен ата‑бабаларымыздың жерін иемденуге тым құлшынысымды білдіріп, сол жерді иемденгісі келетіндерді жинадым да сол жерге көтерілу үшін шөл далаға қарай қайтадан жолға шықтым; бірақ біз аштық пен ауыр азапқа тап болдық; өйткені біз Құдайымыз Жаратқан Иені еске алуда баяу болдық.

4 Соған қарамастан, талай күн шөл далада кезіп жүріп, біз ата‑бабамыздың жеріне жақын, бауырларымыз қырылған орынға шатырымызды тіктік.

5 Міне дәл солай болды, мен патшаның көңіл‑күйін білу үшін, сондай‑ақ өз халқыммен келіп, сол жерді бейбіт түрде иемдену мүмкін бе, соны білу үшін төрт адамыммен қалаға тағы да бардым.

6 Міне мен патшаға бардым және ол менімен Лехи‑Нефи мен Шилом жерін иемденуім үшін келісім жасады.

7 Міне ол тағы өз халқына сол жерден шығуды бұйырды, ал мен және менің халқым осы жерге иелік ету үшін кірдік.

8 Міне біз ғимараттар салдық және қаланың қабырғаларын қалпына келтіре бастадық, иә, дәлірек Лехи‑Нефи қаласы мен Шилом қаласының қабырғаларын.

9 Міне біз жерге егін егуге кірістік, иә, тіпті, тұқымдардың барлық түрлерімен: жүгері мен бидай және арпа мен неа және шеум тұқымдарымен, сондай‑ақ әр түрлі жемістердің тұқымдарымен; осылайша біз осы өлкеде көбейіп және өркендей бастадық.

10 Бірақ Ламан патшаның қулығы мен айлакерлігі еді, менің халқымды құлдыққа түсіру үшін, ол бізге иелік ету үшін сол жерді берді.

11 Міне дәл солай болды, біз сол жерде он екі жыл тұрған соң, Ламан патша менің халқым жер бетінде нақты орнығып қала ма деп уайымдай бастады, онда олар оларды жеңе алмайды және оларды құлдыққа айналдыра алмайды.

12 Енді олар жалқау және пұтқа табынушы халық еді; сондықтан олар біздің қолымыздан шыққан еңбегімізге қанағаттану үшін бізді құлдыққа түсіргісі келді; иә, осылайша олар өрістеріміздегі табындарға қанығу үшін.

13 Сондықтан дәл солай болды, осылайша Ламан патша өз халқын менің халқыммен араздасуға итермелей бастады; сол себепті сол жерде соғыстар мен тартыстар басталды.

14 Өйткені, Нефи елінде патшалығымның он үшінші жылында, қиыр Шилом жерінің оңтүстігінде, менің халқым өздерінің малын суарып және бағып жүргенде және өз жерлерін өңдеп жатқанда, ламандықтардың сансыз әскері оларға шабуыл жасап және оларды өлтіріп және олардың отарлары мен олардың егістіктеріндегі егінін алып кете бастады.

15 Иә, міне дәл солай болды, олар қашты, ұсталмағандардың бәрі, тіпті Нефи қаласына дейін және мені қорғауға шақырды.

16 Міне мен оларды садақтармен және жебелермен және семсерлермен және қанжарлармен және сойылдармен және соқпандармен және біз ойлап тапқан қарудың барлық түрімен қаруландырдым, міне мен және менің халқым ламандықтарға қарсы шайқасқа аттандық.

17 Иә, біз Жаратқан Иенің күшімен ламандықтармен шайқасқа аттандық; өйткені мен және менің халқым бізді жауларымыздың қолынан құтқаруын сұрап Жаратқан Иеге шын жүректен жалбарындық, өйткені біз ата‑бабаларымыздың азат етілгенін еске алып, ояндық.

18 Міне Құдай біздің зарымызды естіді және дұғаларымызға жауап берді; міне біз оның құдіретімен аттандық; иә, біз ламандықтарға қарсы шықтық және бір күн мен бір түнде үш мың қырық үш адамды өлтірдік; біз оларды өз жерімізден қуып шыққанша өлтірдік.

19 Ал мен өз қолыммен олардың өлілерін жерлеуге көмектестім. Ал міне, біздің үлкен қайғы мен жоқтауымызға, екі жүз жетпіс тоғыз бауырымыз қаза тапты.