Киелі жазбалар
Мосия 22


22‑ші тарау

Халықтың ламандықтар құлдығынан қашып құтылу үшін жоспарлар құрылды. Ламандықтар мас болып қалады. Халық қашып құтылып, Зараһемлаға қайтып оралады және Мосия патшаның қол астына өтеді. Шамамен 121–120 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Енді дәл солай болды, Аммон мен Лимхи патша халықпен оларға құлдықтан қалай құтылу керектігі туралы кеңесе бастады; міне тіпті олар бүкіл халықтың бірге жиналуын талап етті. Олар бұл мәселеге қатысты халықтың ой‑пікірін білу үшін осылай істеді.

2 Міне дәл солай болды, олар өздерінің әйелдері мен балаларын және өздерінің малдары мен өздерінің шатырларын алып және шөл далаға кетуден басқа, өздерін құлдықтан құтқарудың басқа жолын таба алмады; өйткені ламандықтардың көп болғаны сонша, Лимхи халқы семсердің көмегімен құлдықтан құтылуды ойлап, оларға қарсы тұра алмады.

3 Енді дәл солай болды, Гедеон шығып, патшаның алдына тұрып, оған былай деді: Уа, патша, бауырларымыз, ламандықтармен талас‑тартыс болған кезде, сен менің сөздеріме осы уақытқа дейін талай рет құлақ асып тыңдадың.

4 Ал енді Уа, патша, егер сен мені пайдасыз қызметші деп таппасаң немесе осы уақытқа дейін менің сөздерімді қандай да бір дәрежеде тыңдаған болсаң, олар саған пайда әкелген болса, дәл осы уақытта менің сөздеріме құлақ асуыңды қалаймын, міне мен сенің қызметшің болайын және бұл халықты құлдықтан құтқарамын.

5 Міне патша оған сөйлеуге рұқсат берді. Міне Гедеон оған былай деді:

6 Қаланың артқы жағындағы артқы қабырға арқылы өтетін артқы өткелге қара. Ламандықтар немесе ламандықтардың күзетшілері түнде мас болып қалады; сондықтан осы халықтың бәріне хабар жіберейік, олар ұсақ және ірі малдарын жинап, түнде айдалаға айдап жіберсін.

7 Міне мен сенің бұйрығың бойынша барып, ламандықтарға шараптың соңғы алым‑салығын төлейтін боламын, сонда олар мас болып қалады; ал олар мас болып және ұйықтап қалғанда, біз олардың тұрақтарының сол жағындағы жасырын өткелден өтеміз.

8 Осылайша біз әйелдерімізбен және балаларымызбен, әрі ұсақ және ірі малымызбен, шөл далаға қарай жолға шығамыз; міне біз Шилом жерін айналып өтеміз.

9 Міне дәл солай болды, патша Гедеонның сөздеріне құлақ асып тыңдады.

10 Міне Лимхи патша өзінің адамдарына өздерінің малдарын жинап алуды бұйырды және ол ламандықтарға шарап алым‑салығын жіберді; сондай‑ақ оларға сыйлық ретінде тағы да шарап жіберді; ал олар Лимхи патша жіберген шарапты кідірместен ішіп алды.

11 Міне дәл солай болды, Лимхи патшаның халқы түнде ұсақ және ірі малдарымен шөл далаға қарай аттанды, олар шөл даладағы Шилом жерін айналып өтті және Аммон мен оның бауырлары басқарған Зараһемла жеріне қарай бет алды.

12 Міне олар көтере алатын барлық алтын‑күмістері мен асыл заттарын, сондай‑ақ азық‑түліктерін өздерімен шөл далаға алып кетті; әрі олар өз жолын жалғастырды.

13 Міне олар шөл далада көп күн болғаннан кейін Зараһемла жеріне келіп жетті және Мосияның халқына қосылды және оған бағынды.

14 Міне дәл солай болды, Мосия оларды қуана қабылдады; сондай‑ақ ол олардың жазбаларын және Лимхи тұрғындары тапқан жазбаларды да алды.

15 Енді дәл солай болды, Ламандықтар Лимхидің адамдары түнде елден кетіп қалғанын білген кезде, оларды қуып жету үшін шөл далаға әскер жіберді;

16 Міне олар екі күн бойы қуған соң, бұдан былай олардың ізімен жүре алмады; сондықтан олар шөл далада адасып қалды.