Киелі жазбалар
Мосия 18


18‑ші тарау

Алма уағызды жасырын түрде жүргізеді. Ол су рәсімінен өту келісімін түсіндіреді және мормон суларында су рәсімінен өтеді. Ол Мәсіхтің шіркеуін ұйымдастырады және діни қызметкерлерді тағайындайды. Олар өздерін қамтамасыз етеді, адамдарды оқытады. Алма мен оның халқы Нұх патшадан шөл далаға қашады. Шамамен 147–145 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді, дәл солай болды, Нұх патшаның қызметшілерінен қашқан Алма, күнәлары мен зұлымдықтарына өкінді, халық арасында жасырын жүрді және Абинадидің сөздерін үйрете бастады.

2 Иә, алда болатын нәрсеге қатысты, сондай‑ақ өлгендердің қайта тірілуіне қатысты және Мәсіхтің құдіреті мен азаптары және өлімі мен оның қайта тірілуі және көкке көтерілуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс адамдардың өтеуі туралы.

3 Міне оның сөзін естігісі келгендердің барлығына тәлім берді. Міне бұл патшаға белгілі болмас үшін ол оларға жасырын түрде тәлім берді. Міне оның сөзіне көпшілік сенді.

4 Міне дәл солай болды, оған сенгендердің көпшілігі Мормон деп аталатын жерге барды, патшаның атымен аталған және жердің шетінде орналасқан, онда жабайы аңдар өздерінің уақытында немесе жыл мезгілдерінде көп мекендеген.

5 Енді, Мормонда таза судың бұлағы бар еді, ал Алма сол жерге баратын, өйткені судың жанында ұсақ ағаштардың шоғы қалың болатын, онда ол күндізгі уақытта патшаның іздеулерінен жасырынып жүрді.

6 Міне дәл солай болды, оған сенетіндердің бәрі оның сөздерін тыңдау үшін сонда келді.

7 Міне дәл солай болды, арада көп күн өткен соң Мормон жерінде Алманың сөздерін тыңдау үшін көптеген адам жиналды. Иә, оның сөзіне сенгендердің бәрі оны тыңдау үшін жиналды. Міне ол оларға тәлім берді және оларға тәубеге келуді және өтеу мен Жаратқан Иеге сенім артуды уағыздады.

8 Міне дәл солай болды, ол оларға былай деді: Міне, мұнда Мормон сулары (өйткені олар осылай аталды) және енді, өйткені сендер Құдайдың құшағына кіріп және оның халқы деп аталғыларың келеді, міне олар жеңіл болуы үшін бір‑біріңнің ауыртпалықтарынды көтеруге дайынсыңдар;

9 Иә, міне олар қайғыратындармен бірге жоқтауға дайын; иә, жұбанышқа мұқтаждарды жұбатып, иә, әрі барлық уақытта және барлық нәрседе, сондай‑ақ барлық тұратын жерлерде және барлық жағдайда, тіпті жан тапсырар уақыт келгенге дейін, Құдайдың куәгерлері болып қалаберіңдер, сонда сендерді Құдай өтеп алуып, алғашқы болып қайта тірілгендердің қатарына қосылып, мәңгілік өмірге ие бола аласыңдар.

10 Енді мен сендерге айтамын, егер сендердің жүректеріңнің қалауы осы болса, Жаратқан Иенің атынан су рәсімінен өтуге неліктен қарсы боласыңдар, оның алдында куәгерлер ретінде онымен келісім жасасып, оған қызмет етіп және өсиеттерін ұстану үшін, осылайша ол сендерге өзінің Рухын молынан жаудырмай ма?

11 Ал енді халық бұл сөздерді естіген кезде, олар қуаныштан алақандарын соқты және айқайлады: Бұл біздің жүрегіміздің қалауы.

12 Міне дәл солай болды, Алма алғашқылардың бірі болған Хеламды алды да, барып, суда тұрып, жалбарынып, былай деді: Уа, Жаратқан Ие, құлыңның үстіне Рухыңды төге гөр, ол бұл істі жүректің киелілігімен атқарсын.

13 Міне ол осы сөздерді айтқан кезде, Жаратқан Иенің Рухы оған түсіп, ол былай деді: Хелам, мен сені су рәсімінен өткіземін, Құдіреті шексіз Құдайдың билігімен, тәндік денең өлгенше Оған қызмет ету туралы келісімге кіргеніңді куәлік ретінде; ал саған Жаратқан Иенің Рухы жаусын; міне ол әлемнің негізі қаланғаннан бері өзі дайындаған Мәсіхтің өтеуі арқылы ол саған мәңгілік өмір сыйласын.

14 Міне Алма осы сөздерді айтқаннан кейін, Алма мен Хелам бірге өздерін суға батырды; міне олар көтерілді және Рухқа толып, қуанып судан шықты.

15 Міне тағы, Алма басқасын алды да суға екінші рет кірді және оны біріншісі бойынша су рәсімінен өткізді, тек ол қайтадан суға өзін батырған жоқ.

16 Міне осылайша ол Мормон жеріне барғандардың барлығын су рәсімінен өткізді және олардың саны шамамен екі жүз төрт жан болды; иә, олар Мормон суларында шомылдыру рәсімінен өтіп, Құдайдың рақымына қанықты.

17 Міне сол кезден бері олар Құдайдың шіркеуі немесе Мәсіхтің шіркеуі деп аталды. Міне дәл солай болды, Құдайдың құдіреті мен билігі арқылы су рәсімінен өткен әрбір адам оның шіркеуіне қосылды.

18 Міне дәл солай болды, Құдайдан билік алған Алма діни қызметкерлерді тағайындады; яғни олардың әрбір елуіне бір діни қызметкерді уағыздау үшін және Құдай Патшалығына қатысты нәрселерді үйрету үшін тағайындады.

19 Міне ол оларға тек өзінің үйреткенінен және қасиетті пайғамбарлардың аузынан айтылған нәрселерден басқа ештеңе үйретпеуді бұйырды.

20 Иә, яғни ол оларға өз халқын өтеп алған Жаратқан Иеге деген сенім мен тәубеге келуден басқа ешнәрсені уағыздамауды бұйырды.

21 Міне ол олардың арасында ешқандай дау‑дамайдың болмауын, тек бір көзқараспен алға жүруді, бір сенімі бар және бір су рәсімінен өткен, өздерінің жүректерін үйлесімділікте және бір‑біріне деген сүйіспеншілікте біріктіруді бұйырды.

22 Міне осылайша ол оларға уағыздауды бұйырды. Міне осылайша олар Құдайдың балалары болды.

23 Міне ол оларға шаббат күнін сақтауды бұйырды және оны қасиетті ұстауды, сондай‑ақ күн сайын Құдайы Жаратқан Иеге алғыс айтуды бұйырды.

24 Сондай‑ақ ол оларға өзі тағайындаған діни қызметкерлерге өз қолдарымен жұмыс істеп, өздерін қамтамасыз етуді бұйырды.

25 Міне олар халыққа тәлім беріп және өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге ғибадат етіп, сонымен қатар, олар өздерінің мүмкіндігіне қарай өздерін жиі біріктіру үшін, әр аптаның бір күні олар жиналатын болып белгіленді.

26 Міне діни қызметкерлер өздерін қамтамасыз етуде халықтың қолдауына сүйенбеуі керек; бірақ олар Құдайды танып, Киелі Рух арқылы күш алу үшін және Құдайдан келген құдірет пен билік арқылы тәлім беру үшін, еңбектері үшін олар Құдайдың рақымына ие бола алады.

27 Міне тағы да Алма шіркеу адамдарына өз меншігінен, әркім өзінде бар нәрсеге қарай бөлісуді бұйырды; ал кімде артық болса, оған көбірек беру керек еді; ал кімде аз болса, аз ғана талап етілсін; ал кімде жоқ болса, берілуі керек.

28 Міне осылайша олар өз меншігінен Құдайға және сол мұқтаж діни қызметкерлерге, иә, әрбір мұқтаж, жалаңаш жанға өз еркімен және ізгі тілектерімен берулері керек.

29 Міне Құдайдан бұйырық алған ол, оларға былай деді: міне олар Құдайдың алдында түзу жүріп, бір‑біріне қажеттіліктері мен талаптары бойынша материалдық та рухани жағынан да берді.

30 Ал енді мұның бәрі Мормонда, иә, Мормон суларының жанында, Мормон суларына жақын орналасқан орманда орын алды; иә, Мормон жерінде, Мормон суларын, Мормон орманы, олар өздерінің Құтқарушысын танып‑білгендердің көз алдында қандай әдемі; иә, олар қандай бақытты, өйткені олар оны мәңгілік мадақтап ән салады.

31 Міне бұл патшаға белгілі болмас үшін, мұның барлығы сол жердің шекарасында орындалды.

32 Бірақ, міне дәл солай болды, патша халық арасында бір қозғалысты байқап, өз қызметшілерін оларға бақылауға жіберді. Сондықтан олар Жаратқан Иенің сөзін тыңдау үшін жиналып жатқан күні олар патшаға мәлім болды.

33 Ал енді патша Алманың халықты өзіне қарсы көтеріліске үгіттеп жатқанын айтты; сондықтан оларды жою үшін өзінің әскерін жіберді.

34 Міне дәл солай болды, Алма мен Жаратқан Иенің халқы патша әскерінің келетінінен хабардар болды; сондықтан олар шатырлары мен отбасыларын алып, шөл далаға кетті.

35 Міне олардың саны төрт жүз елуге жуық адам болды.