Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 11


11‑ші тарау

Жақып өзінің Өтемшісін көрді. Мұсаның заңы Мәсіхке тән белгілерін және Оның келетінін дәлелдейді. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Ал енді Жақып сол кезде менің халқыма тағы да көп нәрсені айтты; соған қарамастан мен тек осы нәрселерді жазуға себепкер болдым, өйткені менің жазғаным маған жеткілікті.

2 Ал енді мен, Нефи, Ишаяның сөздерін көбірек жазамын, өйткені оның сөздерінен жаным рахаттанады. Өйткені мен оның сөздерін халқыма ұқсатамын және оларды барлық балаларыма жіберемін, өйткені ол шынымен де менің Өтемшімді көрді, мен оны көргендей.

3 Менің ағам Жақып та оны мен көргендей көрді; сондықтан оларға менің сөздерімнің рас екенін дәлелдеу үшін, мен олардың сөздерін балаларыма жіберемін. Сондықтан Құдай: «Үшеуінің сөзімен мен өз сөзімді бекітемін» деді. Соған қарамастан, Құдай тағы да куәгерлерді жібереді және оның барлық сөздерін дәлелдейді.

4 Міне, менің жаным өз халқыма Мәсіхтің келуі туралы шындықты дәлелдеуге қуанады; өйткені Мұсаның заңы осы мақсат үшін берілді; және Құдайдың әлем жаратылғаннан бері адамға берген барлық нәрселері оған тән белгілер.

5 Сондай‑ақ менің жаным Жаратқан Иенің ата‑бабаларымызға жасаған келісімдеріне қуанады; иә, менің жаным өлімнен құтқарудың сол ұлы және мәңгілік жоспарында оның рақымы мен әділдігі және құдіреті мен мейіріміне қуанады.

6 Менің жаным халқыма Мәсіх келмесе, барлық адамдар жойылатынын дәлелдеуге қуанышты.

7 Өйткені Мәсіх болмаса, Құдай да болмайды; ал егер Құдай болмаса, біз болмас едік, өйткені жаратылыстың болуы мүмкін емес еді. Бірақ Құдай бар және ол Мәсіх, міне ол өз уақытының толықтығында келеді.

8 Ал енді мен сол менің халқымнан осы сөздері көргендер жүрегі толқып және барлық адамдар үшін қуансын деп, Ишаяның кейбір сөздерін жазып отырмын. Енді осы сөздер және сендер оларды өздеріңе және барлық адамдарға ұқсата аласыңдар.