Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 7


7‑ші тарау

Жақып Ишаяның жазбаларын оқуды жалғастырды: Ишая мессиандық түрде сөйлейді. Мәсіх білімділердің тілінде сөйлейді. Өзін ұрғандарға арқасын қояды. Ол жеңілмейді. Ишая 50‑мен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Иә, өйткені Жаратқан Ие: Мен сені тастадым ба, әлде мәңгілікке бас тарттым ба? – деп мынаны айтады. Өйткені Жаратқан Ие: Анаңның талақ қағазы қайда? – деп, мынаны айтады. Мен сені кімге бердім немесе несие берушілерімнен қайсысына саттым? Иә, мен сені кімге саттым? Міне, сендер зұлымдықтарың үшін өздеріңді саттыңдар, ал анаң да сендердің жасаған зұлым істеріңе бола қуылды.

2 Сондықтан, мен келгенде неліктен ешкім болмады; мен шақырсам да, ешқайсысы жауап бермеді. Уа, Исраил үйі, менің қолым қысқарып, өтей алмайтындай болды ма, әлде өздеріңді азат ету қолымнан келмейді ма? Міне, мен ұрысқанда теңізді құрғатамын; мен олардың өзендерін шөл далаға айналдырамын, ал сулар кеуіп кеткендіктен, балықтары сасып, шөлдеп өледі.

3 Мен аспанды қараңғылықпен киіндіріп, үстіне матаны киім қылып жабамын.

4 Уа, Исраил үйі, Жаратқан Ие керек кезде сендермен қалай сөйлесетінімді білуім үшін маған ғалымдардың тілін берді. Күн сайын ертеңгісін шаршағанда ол сені оятады. Ғалымдар сияқты естуге ол менің құлағымды оятады.

5 Құдай Иеміз құлағымды ашты және мен қасарысып, кері бұрылған жоқпын.

6 Арқамды ұрып‑соққандарға тостым, сақалымды жұлғандарға екі жағымды ұсындым. Бетімді ұяттан және түкіріктен жаппадым.

7 Өйткені мені Құдай Иеміз қолдайды, сондықтан мен ұятқа қалмаймын. Сондықтан мен бетімді шақпақ тастай етіп жасадым және мен ұятқа қалмайтынымды білемін.

8 Ал Жаратқан Ие жақын және ол мені ақтайды. Менімен сонда кім таласпақ? Келіндер, бірге тұрайық. Менің жауым кім? Кәне, ол маған жақындап келсін, мен оны аузымның күшімен ұрамын.

9 Өйткені, мені Құдай Иеміз қолдайды. Міне маған үкім шығаратын кім болмақ, міне, солай етуге тырысқандар тозып, күйеге жем болған киімдей құрымақ.

10 Өз араларыңда Жаратқан Иеден кім қорқады және оның қызметшісінің даусына құлақ асатын кім? Қараңғыда жарықсыз кім жүреді?

11 Міне, сендер, от жағып, ұшқынмен қаруланғандар, оттарыңның жалынында, тұтандырған ұшқындардың арасында жүре беріңдер. Сендердің менің қолымнан алатындарың мынау: мұңда қайғыда жататын боласыңдар!