Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 19


19‑шы тарау

Ишая Мәсіх туралы айтады. Қараңғылықтағы адамдар үлкен жарық көреді. Сәби бізге дүниеге келді. Ол Бейбітшіліктің Әміршісі болады және Дәуіттің тағына билік жүргізеді. Ишая 9‑бен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Соған қарамастан, бұл қараңғылық оның азап шеккен кезіндегідей болмайды, ол алғашында Забулон жері мен Нафталимнің жерін жеңіл жазалаған, бірақ кейін Ғалилеядағы Иорданның арғы жағындағы Қызыл теңізге баратын жолдағы ұлттарды одан да зор жазалаған.

2 Қараңғыда ғұмыр кешіп келген халық, ғаламат нұрды көрді; түнек басқан жерде тұратындарға таң шапағатының сәулесі төгілді.

3 Сен ұлтты көбейтіп, міне қуанышын арттырдың: олар өнім жинау маусымында қуанғанындай және адамдар олжасын бөлісіп алғанда қуанғанындай, олар шаттанады сенің алдыңда.

4 Өйткені сен оның ауыртпалығының қамытын және оның иығындағы асатаяғын, оның жауының таяғын сындырып тастадың.

5 Өйткені жауынгердің әрбір шайқасы тәртіпсіз шумен және қанға малынған киіммен өтеді; бірақ ол өртеліп, отқа жем болады.

6 Өйткені бізге сәби дүниеге келді, бізге ұл сыйға берілді; және билік оның қолында болады; міне ол Керемет, Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Бейбітшіліктің Әміршісі деп, аталатын болады.

7 Дәуіттің тағында және оның патшалығында шектеу жоқ, ал билік пен тыныштық арта түсті, осылайша оның патшалығын сол кезден бастап, тіпті мәңгілікке үкім мен әділдікпен орнатып, тәртіпке келтіру үшін. Әскербасы Иесі мұны іске асырады.

8 Жаратқан Ие Жақыпқа сөзін жіберіп, Исраилге нұрын шашты.

9 Міне бүкіл халық, тіпті Ефрем мен Самарияның тұрғындары ұғынатын болады, олар өркөкіректеніп және менменсіп:

10 Кірпіштер құлады, бірақ біз қашаған тастан саламыз; тұт ағаштарымыз кесіліп тасталды, бірақ біз оларды балқарағайлармен ауыстырамыз.

11 Сондықтан Жаратқан Ие Ресиннің жауларын оған қарсы қояды және оның жауларын біріктіреді.

12 Сириялықтар алда, ал філістірлерді соңынан; міне олар Исраилді арандай ашқан ауыздарымен жалмап қояды. Өйткені осының бәріне оның ашуы басылған жоқ, бірақ оның қолы әлі де созылып тұр.

13 Өйткені халық өзін жазалағанға бет бұрмайды, Әскербасы Иесін де іздемейді.

14 Сондықтан бір‑ақ күн ішінде Жаратқан Ие Исраилдің басы мен құйрығын, тармақтары мен бұтақтарын кесіп тастайды.

15 Ру басы — ол елдің басы; ал жалған тәлім беруші пайғамбар — құйрығы.

16 Өйткені бұл халықтың жетекшілері оларды адастыруда; ал олардың жетегінде жүргендер құрыды.

17 Сондықтан Жаратқан Ие олардың жас жігіттеріне аямайды, жетім‑жесірлеріне де жаны ашымайды; өйткені олардың әрқайсысы арсыз және зұлым және әр ауыздан шыққан сөз өтірік. Өйткені осының бәріне оның ашуы басылған жоқ, бірақ оның қолы әлі де созылып тұр.

18 Өйткені әділетсіздік от іспетті лаулап жанып; ол тікенекті бұталар мен жантақты жалмап және ормандардың қалың шоғырлары да өртенеді және олар түтін бағаналы сияқты көтеріледі.

19 Әскербасы Иесінің лаулаған қаһарынан жерді қараңғы басып, халық отқа жем болады; бірде бір адам бауырын да аямайды.

20 Міне ол оң қолына жармасып және аш қалады; міне ол сол қолына жармасып жейтін болады, бірақ олардың аштығының беті қайтпайды; әр адам өз қолының етін жейтін болады:

21 Манаса Ефреммен; ал Ефрем Манасамен соғысып; содан олар бірігіп Яһудаға қарсы шығады. Өйткені осының бәріне оның ашуы басылған жоқ, бірақ оның қолы әлі де көтеріліп тұр.