Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 15


15‑ші тарау

Жаратқан Иенің жүзімдігі (Исраил) қаңырап бос қалады, ал оның халқы бытырап кетеді. Олар діннен безіп және бытырап қалған күйінде қасіреттке қалады. Жаратқан Ие туын көтеріп, Исраилді жинайды. Ишая 5‑пен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Содан кейін мен жан досымның атынан оның жүзімдігі жайлы ән айтып берейін. Жан досымда құнары асқан төбеде орналасқан жүзімдігі бар.

2 Міне ол оны қоршады және оны тастардан арылтты және оған ең таңдаулы жүзім бұтасын отырғызды және оның ортасына мұнара салды, сонымен қатар оған шырын сығып таптайтын орын жасады; міне ол егін жүзім береді деп күтті, бірақ ол жабайы жүзім берді.

3 Ал енді, уа, Иерусалим тұрғындары мен Яһуданың адамдары, менің өзім мен жүзімдігімнің арасындағы дауымызға төрелік етіңдер!

4 Жүзімдігімде мен істемеген не қалып еді, мен оған нені істемедім? Сол себепті мен одан жүзім күткенімде, ол жабайы жүзім әкелді.

5 Ал енді, сендерге айтамын жүзімдігіме менің не істейтінімді: одан қоршауды алып тастаймын, сонда ол қаңырап қалады; және мен оның дауалын қиратамын және оны таптатып қоямын;

6 Міне мен оны қиратамын; оны кесуге де, қазып алуға да болмайды; бірақ онда қара тікен мен ошаған өседі; сондай‑ақ мен бұлттарға оның үстіне жаңбыр жаумауын бұйырамын.

7 Өйткені Әскербасы Иесінің жүзімдігі — Исраилдің үйі, ал Яһуданың адамдары — оның сүйсіне еккен бау‑бақшасы; міне бұлардан ол әділдік күтті, ал, міне – қысым көрді; әділдік күтті, бірақ міне – айқай.

8 Тек өздері ғана жер ортасында орналасып, ешқандай орын қалмайынша, үйлеріне‑үй қосқандар қасіретке қалады!

9 Әскербасы Иесі мынаны айтты құлағыма: расында да көптеген үйлер қаңырап бос қалады және ұлы да әдемі қалалар иелерінен айырылады.

10 Иә, он сотық жүзімдіктен бір күбідей ғана шығады, ал егілген астық бір‑ақ қап астық беретін болады.

11 Таң ата тұрысымен түнге дейін күшті сыраның соңына түсіп және шарапқа қызып алатындар қасіретке қалады!

12 Сондай‑ақ олардың мерекелерінде арфа, скрипка, табрет, флейта және шарап; бірақ олар Жаратқан Иенің істеріне не назар аудармайды, не оның жасаған іс‑әрекетіне де көңіл бөлмейді.

13 Сондықтан менің халқым тұтқынға түсті, өйткені олардың білімі жоқ еді; ал олардың ақсүйектері аштыққа ұшырады және олардың қалың көпшілігі шөл азабын көрді.

14 Сондықтан тозақ өлшеусіз кеңейіп, аузын арандай ашты; міне олардың даңқы да, олардың шулаған тобыры да, олардың сән‑салтанаты да, сол сауық‑сайрағандар да оған түседі.

15 Міне пенде төмендетіліп, ал мықты адам басылады және менменнің көзі төмен түседі.

16 Бірақ Әскербасы Иесі әділ үкімімен көтеріледі, ал киелі болған Құдай әділдікпен қасиетті болады.

17 Сонда тоқтылар онда емін‑еркін жайылады, ал жат жерлік кірмелер байлардың қалдырған жерлерінен тойынатын болады.

18 Әділетсіз істеріне жалақ баумен байланғандар және күнәларын арқанмен буылғандай сүйрегендер қасіретке қалады;

19 Олардың айтуынша: ол тездетсін, біз оны көре алатындай өз істерін жылдамдатсын және Исраилдің Киелі Құдайының кеңесі жақындап жүзеге ассын, оны біліп алайық.

20 Жамандықты жақсылық деп, ал жақсылықты жамандық деп, қараңғылықты жарық деп, ал жарықты қараңғылық деп, ащыны тәтті деп, ал тәттіні ащы деп атайтындар қасіретке қалады!

21 Өз көзінің алдында өздерін ақылды және өздерін парасатты көретіндер қасіретке қалады!

22 Шарап ішкіш батырлар мен ішімдікті күшті етіп араластыратын мықтылар қасіретке қалады!

23 Кім пара алып зұлымдарды ақтайтындар және әділ заңды құқығынан айыратындар қасіретке қалады!

24 Сондықтан, сабанды от жалмап, ал пішенді жалын жалмап жатқандай, олардың тамыры шіріп, ал гүлдері құрып шаң болып көтеріледі; өйткені олар Әскербасы Иенің заңынан бас тартып, Исраилдің Киелі Құдайының сөзін мойындамады.

25 Сондықтан Жаратқан Ие өзінің халқына деген қаһарын лаулатып, оларға қарсы ол өзінің қолын көтеріп жазалады; міне таулар сілкінді және өлгендердің денелері көшенің ортасына лақтырылды. Соның өзінде оның қаһары әлі де басылған жоқ, бірақ оның қолы әлі де созылып тұр.

26 Міне ол алыстағы халықтарға арнап туын көтеріп, ысқырғандай белгі береді ал міне олар тез жетеді; олардың ешқайсысы шаршамайды да сүрінбейді.

27 Ешқайсысы қалғымайды және ұйықтамайды; олардың белдерінің белбеулері де босамайды, етіктерінің баулары да үзілмейді;

28 Олардың жебелері үшкір және барлық садақтары атуға дайын тұр және аттарының тұяқтары шақпақ тастай қатты және олардың күймесінің дөңгелектері құйындай, олардың айқайы арыстандай ақырған.

29 Олар жас арыстандардай ақырады; иә, олар ақырып, олжасына бас салады және гүрілдетіп алып кетеді және ешкім де құтқара алмайды.

30 Міне сол күні олар буырқанып долданған теңіздей ақырады; ал егер олар жерге қараса, онда қара түнек пен азапты көреді және көкте жарық сөніп түнек басты.