Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 5


5‑ші тарау

Нефиліктер өздерін ламандықтардан бөледі, Мұсаның заңын сақтайды және ғибадатхана салады. Ламандықтар өздерінің сенбейтіндіктері үшін Иеміздің қасынан қуылады, қарғысқа тап болады және Нефиліктерге қасірет болады. Шамамен 588–559 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне, дәл солай болды, мен Нефи, менің бауырларымның ашуы үшін, Құдай Иемізге көп жалындым.

2 Бірақ міне олардың ашуы маған арта түсті, сондықтан олар соншалықты менің өмірімді тартып алмақ болды.

3 Иә, олар маған қарсы наразылық танытып былай деді: Біздің кіші ініміз бізге билік еткісі келеді; және біз оның кесірінен көптеген сынақтан өттік; сондықтан, бұдан былай оның сөзінен зардап шекпеу үшін, оны өлтірейік. Өйткені, міне, біз оны бізге билеуші болуын қаламаймыз, өйткені бұл халыққа билеуші болу бізге аға бауырластарға тиесілі.

4 Енді осы парақтарға олардың маған қарсы наразы сөздерінің бәрін жазбаймын. Бірақ, олар менің өмірімнен айырғысы келді деп айту маған жеткілікті.

5 Міне дәл солай болды, Ием мені ескертіп, яғни мен Нефи, олардан кетіп, менімен барғысы келетіндердің бәрін алып, шөл далаға кетуді бұйырды.

6 Міне бұл солай болды, мен Нефи өз отбасымды және Зорамды және оның отбасын және менің үлкен ағам Самды және оның отбасын және Жақып және Жүсіп, менің кіші інілерімді және әпкелерімді және менімен барғысы келетіннің барлығын өзімен бірге алдым. Содан, менімен бірге барғысы келетіндердің барлығы, Құдайдың ескертулері мен аяндарына сенгендер болды; сондықтан олар менің сөздеріме құлақ асып тыңдады.

7 Міне, біз өзімізбен бірге шатырларымызды және мүмкіндігінше алып жүре алатын заттарды алып, көптеген күндер бойы шөл даланы кездік. Міне, біз көптеген күндер бойы саяхаттағаннан кейін, шатырларымызды тіктік.

8 Міне менің халқым бұл жердің атын Нефи деп атағанымызды қалады; сондықтан біз оны Нефи деп атадық.

9 Менімен бірге болғандардың бәрі өздерін Нефидің адамдары деп атауға бел буды.

10 Біз Мұсаның заңы бойынша, барлық жағдайда Иенің үкімдері мен жарлықтарын және өсиеттерін ұстануға тырыстық.

11 Міне, Иеміз бізбен болды; және біз соншалықты өркендедік; өйткені біз тұқым сеуіп, мол өнім алдық. Біз ұсақ және ірі қара мал мен барлық түрдегі жануарларды өсіре бастадық.

12 Мен Нефи, мыс парақтарында ойып жазылған жазбаларды; тағы әкем үшін Иеміздің қолымен дайындалған, осы жазылғанға сәйкес, шар немесе компасты да алып келдім.

13 Міне бұл солай болды, біз соншалықты өркендеп, жер бетінде көбейе бастадық.

14 Міне, мен, Нефи, Лабанның қылышын алдым және осыған сай көптеген қылыштар жасадым, Ламандықтар деп аталатын адамдар келіп бізді жойып жібермейтіндей; өйткені олардың маған және менің балаларыма және менің халқым деп аталатындарға деген жеккөрушілігін білгенмін.

15 Міне, мен өз халқыма ғимараттар салуды үйреттім және ағаштың кез келген түрімен жұмыс істеуді, сондай ақ темірмен мыс және жезбен болат және алтын және күміс пен бағалы кендермен жұмыс істеуді де үйреттім, олардың көп болғандығынан.

16 Міне, мен, Нефи, ғибадатхана салдым; мен оны Сүлейменнің ғибадатханасы сияқты құрдым, бірақ бұл жерде соншалықты қымбат заттар табылмағандықтан, Сүлейменнің ғибадатханасына ұқсас ғибадатхана салу мүмкін болмады. Бірақ, құрылыстың салу тәсілі Сүлейменнің ғибадатханасына ұқсас болды; және оның шеберлігі соншалықты керемет болды.

17 Міне дәл солай болды, мен Нефи, өз халқымды еңбекқор және өз қолдарымен еңбек етуіне себепші болдым.

18 Міне дәл солай болды, олар менің олардың патшасы болуымды қалады. Алайда, мен, Нефи, олардың патшасы болғанын қаламадым, дегенмен, мен олар үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім.

19 Міне, олардың билеушісі және тәлімгері боласың деп, Иенің бауырларыма тиісті айтылған сөздері орындалды. Сондықтан, олар менің өмірімді тартып алмақ болғанға дейін, мен Иенің өсиеттері бойынша, олардың билеушісі және тәлімгері болдым.

20 Сондықтан, Иенің маған айтқан сөзі орындалды, Ол маған былай деді: Егер олар сенің сөздеріне құлақ аспаса, олар Иеміздің қасынан қуылады. Осылайша, олар оның қасынан қуылды.

21 Олар оның қарғысына ұшырады, иә, тіпті олар өздерінің заңсыздықтары үшін қатты қарғысқа ұшырады. Міне, олар оған қарсы жүректерін қатайтты, олар шақпақ тасқа ұқсады; сондықтан менің халқым олардың арбауына түспесін деп, олар ақ және соншалықты ақжарқын және жағымды болғандықтан, Құдай Ие олардың басына қара теріні түсірді.

22 Міне, Құдай Ие осылай деді: егер олар өздерінің заңсыздықтарына өкінбейтін болса, оларды мен сенің халқыңа жиіркенішті болатындай етемін.

23 Олардың тұқымымен араласқанның ұрпағы қарғыс атсын! өйткені олар сол қарғыспен де қарғысқа ұшырайды. Міне, Ие мұны айтты, ол орындалды.

24 Міне, олар өздерінің басына тілеп алған қарғыстың кесірінен зұлымдық пен жалғандыққа толы бос халыққа айналды және шөл далада жыртқыш аңдардың соңынан кетті.

25 Міне, Құдай Ие маған былай деді: олар сенің ұрпағың үшін мен туралы естеліктерін ояту үшін жазаға алынады; ал егер олар мені ұмытып, менің сөздеріме құлақ аспайтын болса, олар оны жойып жібергенге дейін жаза астына алады.

26 Міне, бұл солай болды, мен, Нефи, Жақып пен Жүсіпті, өз халқымның жерінде, оларды дін қызметкері мен тәлімгері етіп бағыштадым.

27 Міне, бұл солай болды, біз бақытты өмір сүрдік.

28 Солай біз Иерусалимнен шыққан кезден бастап отыз жыл өтті.

29 Міне мен, Нефи, осы күнге дейін мен дайындаған парақтардағы өзімнің халқым туралы жазбаны жүргізіп келдім.

30 Міне дәл солай болды, Құдай Ие маған былай деді: Басқа парақтарды жаса және сен оларға сенің халқыңның пайдасы үшін, менің көзімде әділ болатын көптеген жақсы нәрселерді ойып жазасың.

31 Сондықтан, мен, Нефи, Иенің берген өсиеттеріне мойынсұну үшін, барып, мен осы жазбаларды ойып жазған сол парақтарын дайындадым.

32 Міне, мен Құдайға ұнайтын нәрсені ойып жаздым. Ал егер Құдайдың істері менің халқыма ұнайтын болса, онда оған менің осы парақтарда жазған өрнектерім де ұнайтын болады.

33 Ал, егер менің халқым, менің халқымның тарихы туралы неғұрлым нақты бөлігін білгісі келсе, онда ол менің басқа да парақтарымды зерттеуі керек.

34 Міне маған қырық жыл өтті деп айту жеткілікті, ал біз бұған дейін өз бауырларымызбен соғыстар мен дау‑дамайда өткіздік.