Киелі жазбалар
2‑ші Нефи 13


13‑ші тарау

Яһуда мен Иерусалим мойынсұнбағаны үшін жазаланады. Жаратқан Ие Өз халқын арашалап, үкім шығарады. Сион қыздары дүниеқорлығы үшін қарғысқа ұшырап, азапталады. Ишая 3‑пен салыстыр. Шамамен 559–545 ж. Иса Мәс. дейін.

1 Міне енді, Жаратқан Ие, Әскербасы Иесі, Иерусалим мен Яһудадан күш пен қолдауды, барлық нан қорлары мен барлық су сүйеніштерін ада етіп, алып тастайды.

2 Батыр да, жауынгер де, төреші де, пайғамбар да, сәуегей де, рубасы да;

3 Елубасы да, лауазымды да, кеңесші де, шебер ұста да, білгір бақсы да.

4 Міне мен оларға әмірші етіп балаларды беремін және оларға жасөспірімдерді билік етіп қоямын.

5 Міне адамдар бір‑бірінен және әркім жақын‑жарандарынан қысымшылық көреді; бала панданып өзін үлкендерден, ал қадірсіз өзін лауазымдылардан жоғары қоятын болады.

6 Сол кезде адамдар ағайындарының біреуіне жармасып, былай дейді: Сенің үстіңде киімің бар біздің билеуші бол және осы жерді қол астыңа алып, қирауына жол берме!

7 Сол күні ол ант беріп: «Мен емші болмаймын; өйткені менің үйімде нан да, киім де жоқ; мені халықтың әміршісі ете көрмеңдер» дейді.

8 Өйткені Иерусалим қирады, ал Яһуда құлады, өйткені олардың тілдері мен олардың істері Жаратқан Иеге қарсы шығып, оның көз алдында салтанатты ұлылығын менсінбей келеді.

9 Олардың бет‑әлпеттері оларға қарсы куә болады және олардың күнәлары тіпті Содомдай деп жария етеді және олар мұны жасыра алмайды. Олардың жандарына қасірет, өйткені олар өздерін зұлымдықпен жазалады!

10 Әділдерге мынаны айт, оларға игілік; өйткені олар өз істерінің жемісін жейді.

11 Зұлымдарға қасірет, өйткені олар жойылады; өйткені олардың қолдарының сауабы өздерінде болады!

12 Ал менің халқым, балаларым — оларды қысым астына алады, ал әйелдер оған билік жүргізеді. Уа, халқым, сені басқаратындар сені адастырып, теріс жолға түсіруде.

13 Жаратқан Ие араша ету үшін тұрады және халықты соттау үшін тұрады.

14 Жаратқан Ие өз халқының ақсақалдарымен және олардың әміршілерімен соттасады; өйткені сендер жүзімдігін құрттыңдар, ал кедейлерден алған олжа үйлеріңде.

15 Ниеттерің қандай? Сендер менің халқыма қысым көрсетіп, кедейлерді басып жатырсыңдар, – дейді Әскербасы Құдай Жаратқан Ие.

16 Оның үстіне, Жаратқан Ие былай дейді: өйткені Сион қыздары тәкаппар және мойындарын созып және көздерін мұңайтып жүреді, қадамдарын кербездене басады және аяқтарындағы сылдырмақты сыңғырлатып жүреді, –

17 Сондықтан Жаратқан Ие Сион қыздарының бастарына жара қаптатып, таз қылады және Жаратқан Ие олардың масқарасын көтереді.

18 Сол күні Жаратқан Ие олардың сыңғырлаған әшекейлерінің жылтыры мен шашбауларын және айшықты алқаларын алып қояды;

19 Бой тұмарлары мен жүзіктерін және бет перделерін;

20 Бас киімдері мен аяқ әшекейлерін, бас белбеулері мен әтірлі құтыларын және сырғаларын;

21 Жүзіктері мен мұрындық сырғаларын;

22 Сәнді киімдері мен шапандарын және шәлілері мен бөкебайларын;

23 Айналары мен жұқа тоқылған маталарын және тақиялары мен бет перделерін.

24 Міне дәл солай болады хош иістің орнын сасық иіс; ал белдіктің орнын кендір жіп; және тым баптаған шашты тақыр; ал сәнді киімнің орнына азалы киім, сұлулықтың орнын қорлық таңба басады.

25 Ерлерің семсерден өледі, ал мықтылары соғыста қаза табады.

26 Міне оның қақпалары жылап жоқтау айтатын болады; және ол қаңырап бос қалады және тақыр жерде отыратын болады.